Семейдегі «Ақшың» сауда орталығындағы өрттің ықтимал үш себебі аталды

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің ықтимал үш себебі бар

Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт себебін арнайы комиссия зерттеп жатыр, деп жазады Qaz365.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт аумағы 6900 шаршы метрді құраған.

«Өрттің себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі, облыстық прокуратура, полициямен бірге құрылған комиссия жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ТЖМ.

Өрттің ықтимал үш себебі бар: электр сымдарының тұйықталуы, әдейі өртеу, сауда орталығында резетка сымдарының сөндірілмей қалуы.

Еске салайық, "Ақшың" сауда орталығында өрт 6 ақпан күні түнгі үштен басталған еді. Оны ауыздықтауға өрт сөндірушілер біршама уақыт жұмсаған.