Алматыда ер адам дүкенде адамдарға оқ атқан

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде қарулы адамның көкөніс дүкенінде тұрған тұрғындарға шабуыл жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеодан көрінгендей, бір адамға оқ тиіп, жараланды.

Полицияның хабарлауынша, оқиға өткен желтоқсан айында болған. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Полиция қызметкерлері тергеу барысы Департамент басшылығының бақылауында екенін хабарлады.