Щучинскідегі әскери колледжде кадет көз жұмды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 13 ақпан күні болған

Ашық дереккөзден

Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеу кезінде қарудан өзіне оқ атып, мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға 2024 жылдың 13 ақпанында болған.

«Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ жарақатын жасау нәтижесінде мерт болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», – деп жазды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.