Атырау облысында терроризмді насихаттаған 17 жастағы жасөспірім ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Терроризмді насихаттаған

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, былтыр аталған азаматқа ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол заңға қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын айта кету керек.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.