СҚО-да оқушылар мектепте тыйым салынған сайттарға еркін қол жеткізіп келген

Qaz365.kz редакциясы

Оқушылар информатика кабинеттерінде тыйым салынған сайттарға кіріп келген

Фото: factcheck.kg

СҚО Білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген тексерулер кәмелетке толмағандардың құқықтарының өрескел бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«ҚР «Білім туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, Петропавл қаласындағы 9 орта мектепте информатика кабинеттерінде тыйым салынған сайттарға балаларды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыру (соның ішінде суицид және зорлық-зомбылық әрекеттері) материалдары бар ашық қолжетімділік тыйым салынған сайттар анықталды», – делінген облыс прокуратурасының хабарламасында.

Қадағалау органының қаулыларына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылығы (директорлары) ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар прокурордың ұсынысы бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.

Қадағалау органы балалардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда заңды өкілдері мен кәмелетке толмағандар 8-7152-36-03-83 облыс прокуратурасының сенім телефонына хабарласа алатынын еске салады.