СҚО-да әйелдің кәмелет жасына толмаған қызын бірнеше адам зорлаған

Qaz365.kz редакциясы

Ішімдік ішуге келген ер адамдар зорлаған

Фото: ашық дереккөзден

Оқиға 18 қаңтар күні болған. Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген "достары" кейін оның қызын зорлаған, деп жазады Qaz365.kz тілшісі kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Прокурорлардың пікірінше, бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия өз міндетіне жүрдім-бардым қараған.

«Осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде өтінішхат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған», – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.