Қонаевта аға прокурор ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде 3 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде мемлекеттік қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҰҚК бұл ақпаратты растады.

«12 ақпанда Қонаевта Сонабаевты Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменттерінің бірлескен іс-шаралары және Бас прокуратураның өз қауіпсіздігі аясында ұстау фактісін растаймыз», - делінген хабарламада.

Оған қатысты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.