Қарағандыда аязда сәбиін көшеге тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото Polisia.kz

Қарағанды полициясы тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі болғандай, полицияға ер- азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның анасын іздестіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Нәресте "жедел жәрдем" қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.