Петропавлда автосервис орталығы өртенді

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің алдын ала аумағы 370 шаршы метр

Фото: ТЖМ

Петропавлда «Айман» автосервис орталығы өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге СҚО ТЖД жеке құрамының 64 адамы мен 14 техникасы жіберілді.

Оқиға орнына СҚО ТЖД  бастығы Ерік Сарыбаев пен өрт сөндіру қызметінің бастығы Нұрлан Нүкішевтің қатысуымен өртті сөндіруге арналған штаб жұмылдырылды.

Өрт сағат 00.07 оқшауланды. Өрттің алдын ала аумағы 370 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ.