Қызылорда облысында фабрика өртеніп, 4 мың бөдене қырылып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Фото: Pixabay.com

Қызылорда облысында құс фабрикасынан өрт шығып, 4 мыңға жуық бөдене қырылып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, оқиға 28 ақпанда таңғы сағат 04.30 шамасында болған.

«Сырдария ауданы Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны 288 шаршы метр аумақта өртке оранды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ, алайда 4 мың бөдене өртеніп кеткені айтылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Өрт сағат 05.41-де оқшауланып, 06.12-де жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.