«Бәрі біліп қояды деп қорықпа»: Жәнібек анасына үндеу жолдады

Qaz365.kz редакциясы

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді

Фото: qandastar.kz

Ол анасына үндеу жолдады. Ол анасының тірі екеніне, жақында табылатынына сенеді. Әрі ата-анасын іздеп жүрген басқа балаларға көмектесу үшін жаңа жоба бастамақ, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

«Әр кеште жатар кезде сен мені көрді ме деп ойлаймын. Мен сені іздеп жүрмін. Бұл оқиға көпшілікке жария болады деп қорықпа. Бәрі біліп қояды деп қорықпай маған кел. Менің өмірлік сауалыма жауап беруді өтінемін. Келші маған», – дейді Жәнібек.

Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесіп бағуда.