Дәрігерлер жер сілкінісіне қарамастан науқасқа ота жасауды жалғастырған – видео

Qaz365.kz редакциясы

Хирургтар жер сілкінісі кезінде отаны тоқтатпаған

Фото: IStock

Кардиология ғылыми-зерттеу институтының батыр хирургтары қалада басталған жер сілкінісіне қарамастан науқасқа ота жасауды жалғастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Медицина қызметкерлері басқалардың ғимараттан шығып бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

"Біз жұмысты жалғастырамыз, бірақ терезеден қашып кеткіміз келсе де, ол мүмкін емес", – дейді Арыстан Күжүкеев терезелердегі торларды көрсетіп.

Еске салайық, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда жер сілкінісі болды. Бұл жолғы жер сілкінісінің магнитудасы 5 балға жеткені айтылды.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.