«Декларация тапсыруды сылтауратып шақырған»: Салық қызметкері алаяқтық жасаған

Qaz365.kz редакциясы

Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды алдаған

Фото: ашық дереккөзден

Салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несие рәсімдеп, өзінің шоттарына аударған.

«Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша («Алаяқтық») қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет», – делінген хабарламада.