Шымкентте бюджет қаржысын жымқырған бапкерлер сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Олардың 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот үкімімен дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

«Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.