Қарағандыда шенеуніктер 1 млрд теңгеге жуық ақшаны негізсіз жұмсамақ болған – прокуратура

Qaz365.kz редакциясы

Аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылды

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңгені құрайтын, ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды.

«Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген. Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына сәйкестендірілді», - делінген прокуратураның хабарламасында.

Кәсіпкерлік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.