Алматыда 19 млрд теңгенің жері Ұлттық банкке қайтарылды

Qaz365.kz редакциясы

Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің активтері шығарылғанын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала прокуратурасының мәліметінше, жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құраған.

«Прокуратура ҚР Ұлттық банкінің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді. Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.