БҚО-да 11-сынып оқушылары тест тапсыруға трактормен барып жүр

Qaz365.kz редакциясы

Оқушылар ҰБТ алдындағы тест тапсыруға трактор тіркемесімен барған

Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде журналист Лұқпан Ахмедияров трактордың тіркемесінде отырған оқушылардың виедосын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео БҚО-дағы Мұратсай ауылында түсірілген. Журналистің сөзінше, тіркемеде отырғандар – 11-сынып оқушылары. 

Оқушылар ҰБТ алдындағы тест тапсыруға бару үшін тас жолға дейін осылай жетуге мәжбүр. Ал жолдың ұзақтығы 18 шақырым. Әрі қарай тағы 550 шақырым жүріп, Оралға жетеді, дейді журналист.

Видеоға қатысты құзырлы органдар әлі пікір білдірмеген.