«Осы уақытқа дейін өз нұсқамды айтатын мүмкіндігім болмады»: Қуандық Бишімбаев сотта кінәсін мойындамады

Qaz365.kz редакциясы

Сот процесінде айыпталушы өз кінәсін мойындамады

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Қуандық Бишімбаев сот процесінде өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы уақытқа дейін өз нұсқамды айтатын мүмкіндігім болмады. Прокурор айтқанның бәрі ойдан шығарылған, ешқандай дәлел жоқ. Тағылған айыпты мойындамаймын», - деді Бишімбаев сот отырысында.

Айта кетейік, Астанада Бишімбаев ісі бойынша басты сот талқылауы болып жатыр.