Қостанай облысында судан қашып шатырға шыққан тұрғындарды тікұшақпен құтқарды

Qaz365.kz редакциясы

Видеокадрларды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратты

Видеокадр

Қостанай облысында судан қашып шатырға шыққан тұрғындарды тікұшақпен құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеокадрларды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратты.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, ТЖМ күштері Ми-8 тікұшағымен 12 адам құтқарған. Кадрларда судан қашқан азаматтар үйдің шатырына, техникалардың үстіне шығып көмек күткенін көруге болады.

Қостанай облысы Екіді елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен жеткен. Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Медициналық көмек оларға қажет болмаған.