5 жыл жасырынған: Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді

Qaz365.kz редакциясы

Прокуратура екі азаматты өз еркімен қайтарған

Видеодан скриншот

Алматы прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.