Көлікпен қағып, басына секірген: Алматыда жантүршігерлік кісі өлтіру оқиғасы болды

Qaz365.kz редакциясы

Тұрғындар ер адамның нашақорлыққа шалдыққанын айтады

Видеодан кадр

Алматыдағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде аса ауыр қылмыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні бірнеше рет көлігімен соққан. Оқиға видеоға түсіп қалды.

Үй тұрғындарының айтуынша, шабуыл жасаған ер адам ұзақ жылдар бойы ата-анасымен осы тұрғын үй кешенінде тұрады. Тұрғындар ер адамның нашақорлыққа шалдыққанын айтады. Сол түні ол үйіне келген. Күзетші қақпаны жаба бастағанда, ер адам оны көлікпен бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп, оны ұра бастайды. Елді дүрліктірген қылмысқа «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің тұрғындары куә болған.