«Айканың тізімі»: істі Антикор қарап жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: әлеуметтік желіден

Желіде тараған «Айканың тізімі» аталып кеткен тұлғалардың тізімі бойынша іс Антикорға тапсырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 423-бабы «Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету» бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жүргізіліп жатқан тергеу шаралары аясында әлеуметтік желілерде жеке деректер туралы ақпараттың шығуы, сенімділігі мен таралуының мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы себепті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік басқармасы соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қызметтік тергеуді уақытша тоқтатқаны хабарланды.