Қарғалы өзені арнасынан шығып, Садовый алабына қарай жайылған
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында су деңгейі көтеріліп, төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
8 сәуір түнде Ақтөбе қаласындағы Қарғалы су қоймасы мен Қарғалы өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты Ақжар және Садовый тұрғын алабы аумағындағы бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі төніп, 143 адам (25-і – бала) көшірілген.
Қарғалы өзені арнасынан шығып, Садовый алабына қарай жайылған. Әкімдіктің мәліметінше, алты үйге су кірген. Жергілікті билік судың бағытын бұру, бөгеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.