Ақтөбе облысының тағы бір ауданында да төтенше жағдай жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Қарғалы өзені арнасынан шығып, Садовый алабына қарай жайылған

Фото: sarinform.ru

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында су деңгейі көтеріліп, төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

8 сәуір түнде Ақтөбе қаласындағы Қарғалы су қоймасы мен Қарғалы өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты Ақжар және Садовый тұрғын алабы аумағындағы бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі төніп, 143 адам (25-і – бала) көшірілген.

Қарғалы өзені арнасынан шығып, Садовый алабына қарай жайылған. Әкімдіктің мәліметінше, алты үйге су кірген. Жергілікті билік судың бағытын бұру, бөгеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.