Алматыда жер сілкінісі сезілді

Qaz365.kz редакциясы

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан

Фото: canva.com

ҚР ТЖМ "СЗжБҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 12 сәуірде  Алматы уақытымен 13 сағат 13 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км жерде)  орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): сезілетін Алматы қаласында 2 балл", - делінген хабарламада.