11 жастағы оқушы бір жыл жинаған ақшасын Құлсарыға көмек ретінде табыстады

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан облысының Кентау қаласы да қалыс қалған жоқ

видеокадр

Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпірінде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Түркістан облысының Кентау қаласы да қалыс қалған жоқ. Қаланың орталық алаңындағы көмек жинап жатқан топқа анасына еріп келген 11 жастағы Гауһар Шәймерден өзінің жыл бойы жинаған қаражатын табыс етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көк қорапшаға салынған ақша жинағыштың қасында арнайы жазылған хатта бар. 
«Құлсарыға Кентаудан сәлем!» деп басталатын жазбада жасөспірім кентаулық оқушылардың өздерімен бірге екенін баяндаған. 

«Мен сіздердің ауыр жағдайларыңызды көріп, қатты уайымдадым. Сіздер қазақтың батыр ұлдары мен қыздарысыздар. Сондықтан бұл қиындықтан аман-есен өтетіндіктеріңізге сенімдімін», - делінген хатта.