Атырау облысындағы Жайық өзенінен тағы бір ер адамның мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Өлімге не себеп болғаны әрі ер адамның жеке басы анықталып жатыр

Видеокадр

Атырау облысындағы Жайық өзенінен тағы бір ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Куәгерлердің айтуынша, 20-25 жас аралығындағы жігіт болуы мүмкін. Азиялық келбетті жігіттің денесін құтқарушылар судан алып шыққан.

Өлімге не себеп болғаны әрі ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Еске сала кетейік, бүгін Құлсарыда 6 сәуірде жоғалған әкесі мен баласының денесі табылған еді. Әкесі екеуі 6 сәуірде топан су басқан үйін тексеруге кеткеннен оралмаған.