×

Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен жас жігіттің мүрдесі табылды

Ол әкесі екеуі 6 сәуірде резеңке қорғаныш костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткеннен оралмаған

Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен жас жігіттің мүрдесі табылды

Құлсарыда құтқарушылар әкесімен бірге суға кеткен жас жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 14 сәуір күні түскі сағат 13.40-та 6 сәуір күні жоғалып кеткен тағы бір ер адамның денесі табылды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі ол таңертең сағат 9 шамасында табылған ер адамның ұлы екенін растады. 

Ол әкесі екеуі 6 сәуірде резеңке қорғаныш костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткеннен оралмаған. 

ТЖМ іздеу жұмыстары 6 сәуір кешке басталғанын хабарлайды. Олардың көлігі дүкеннің жанынан табылған.

Бүгін әкесінің денесі үйінен бүгін 1 шақырым жерден табылған еді. 24 жастағы ұлды іздеу жалғасқан.
Артынша, оның да мәйіті табылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірден бастап Құлсарыда барлығы үш адамның денесі табылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Бүгін, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →