×

Жергілікті олигархтар құжатсыз бөгет салған – Абзал Құспан Құлсарыдағы трагедиясында адам факторы барын айтты

Абзал Құспан қаладағы толықтай дерлік суға кеткен Атырау мөлтекауданына бару үшін жүк көлігі немесе қайық керектігін жазады

Жергілікті олигархтар құжатсыз бөгет салған – Абзал Құспан Құлсарыдағы трагедиясында адам факторы барын айтты
Arbatmedia

Депутат Құлсары трагедиясындағы адам факторы бойынша құжаттарды жинап, құзырлы органдарға өткізгелі жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кем дегенде 5 адам қаза тапқан, қаладағы үйлердің 3/1-і суға кеткен Құлсарыдағы жағдайға күрт көтерілген Жем өзені, яғни табиғи фактордан бөлек, құрығы ұзын жекелеген адамдардыңда қатыстылығы туралы әңгіме, біз барған, кездескен жердің бәрінде дерлік айтылды. Тек құр сөз емес, қолыма нақты құжаттарда тиді, белсенді азаматтар мен ақсақалдар, тіпті облыстық маслихат депутаты тарапынан, заңсыз, ешқандай құжатсыз бөгет соғып алған жергілікті олигархтарға қатысты мәселе - өткен жылдың, иә, иә қате естімедіңіз, 2023 жылдың қараша айынан бастап көтерілген. Алайда ешбір лауазым иесі уақытылы құлақ түрмеген, заңды шешім қабылдамаған…», - дейді ол.

Абзал Құспан қаладағы толықтай дерлік суға кеткен Атырау мөлтекауданына бару үшін жүк көлігі немесе қайық керектігін жазады. Кезінде 3 жыл уақытта салып боласыңдар деп бөлінген жердің, анығы сайдың жобалық қай әкім тұсында жасалғаны әлі анықтауды қажет ететінін атап өтеді.

«Бұдан басқа да анықтауды қажет ететін мәселелер Құлсарыда жеткілікті, жалпы Президент бұл бағыттағы жұмыстарды ҚР Бас прокуратурасы на тапсырғаны белгілі. Тиісінше, менің тарапымнан Астанаға жету бойы қолдағы бар құжат адресатқа жеткізілетін болады. Ал әзірге, апат салдарын еңсеру - әліде басты мәселе боп қалып отыр, бүгінде бүкіл ел болып жұмыла кіріскен осы жұмыстарымызды жалғастыра беруіміз керек, басқа жол жоқ!» - дейді ол.

Абзал Құспан Құлсары халқына көңіл айтып, қолдан келген көмегін көрсетіп, қызылсудың үлкен толқыны күні-бүгін келеді деп белін бекем буып отырған Оралға жол тартқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты
Кеше, 19:55

Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты

Депутаттың тіл тақырыбында бұлай өткір жазуының жөні бар
Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар
Әйел адам өзінің экс-жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →