Түркиядағы қатты дауылдан мешіт мұнарасы құлап, ғимараттардың шатыры ұшты

Qaz365.kz редакциясы

Желдің жылдамдығы Анталияда сағатына 68,4 шақырымға, Кемер аймағында 118 шақырымға жеткен

Видеокадр

Түркиядағы қатты дауылдан мешіт мұнарасы құлап, ғимараттардың шатыры ұшты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркияда дауыл салдарынан бірнеше елдімекен зардап шекті. Тұрғын үйлердің шатыры ұшқан, ағаштар құлап, көліктерге зақым келген.

Желдің жылдамдығы Анталияда сағатына 68,4 шақырымға, Кемер аймағында 118 шақырымға жеткен.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.