Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді

Qaz365.kz редакциясы

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ

Фото: barometr.kg

Шығыс Қазақстан облысында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 сәуірде Алматы уақытымен 11 сағат 19 мин 45 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде орналасқан, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): ШҚО Зайсан ауданының Тасбастау ауылында – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.