Алматыда ер адам пәтерін есірткі қоймасына айналдырған

Qaz365.kz редакциясы

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: polisia.kz

Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуезов ауданының тұрғыны өзінің пәтерінде героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі қоймасын ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді.

Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды. 

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.