СҚО-да 22 жастағы келіншек пен інісі суицид жасады

Qaz365.kz редакциясы

Інісі мен әпкесі ата-әжесімен бірге тұрған

Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жас әйел мен інісі өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға 28 сәуірде Айыртау ауданында болған. Полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бірінші болып 22 жастағы келіншек қорада асылып қалған. Оның артында 1,5 жасар баласы қалды. Әпкесінің қайтыс болғанын білген інісі орманға қашып кеткен. Кейін ол да асылған күйінде табылды.

Інісі мен әпкесі ата-әжесімен бірге тұрған.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады СҚО полиция департаменті.