Ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды – БАҚ

Qaz365.kz редакциясы

Экс-министр қамауға алынды – БАҚ

Фото: ІІМ

Бірнеше ақпарат құралды бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың «Қаңтар» оқиғасы бойынша қамауға алынған жазып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бұл шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы «Қаңтардағы» қайғылы оқиғалар бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс аясында қабылдады», - деп жазылған БАҚ беттерінде ақпаратта.

Бірақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі әзірге бұл туралы ресми мәлімдеме жасамады.

Айта кетейік, Бас прокуратура 2022 жылдың басынан бастап қаңтар оқиғасы кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күштік құрылымдардың қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастырып жатыр.

Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде бұған дейін Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған еді.

Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпанында транзит қарсаңында Ішкі істер министрі болып тағайындалды, ал 2022 жылдың ақпанында қанды қаңтардан кейін қызметінен босатылды.