Алматы облысында сабақ үстінде 4 сынып оқушысы қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады

Фото: istockphoto.com

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4 сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қошмамбетов атындағы мектепте 10 жастағы қыз бала көз жұмды.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады. Оқушы қыз жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, сабақ үстінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.