Жетісу облысында 28 жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысында 28 бас жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек Ескелді ауданында өткен жылдың маусымында тіркелген. Жылқыларды ұрлады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті жауап алу барысында өзінің кінәсін толық мойындады.

«Жылқыларды күдікті ер адам Ақсу ауданының ауылдарының бірінде орналасқан шаруа қожалығындағы малдың арасына қосып, жасырмақ болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрланған жылқылар таңбалар арқылы табылды», – деді ПД криминалдық полиция басқармасында.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.