ШҚО-да қасқыр үйге кіріп кетіп, адамға қарсы шапқан

Qaz365.kz редакциясы

Жыртқыш сырттағы 2 итті де талап кеткен

Фото: elements.envato.com

Алтай ауданына қарасты ауылда қасқыр үйге кіріп кетіп, адамға шапқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, оқиға 28 сәуірде болған. Быково ауылында үйге ашық есіктен қасқыр кіріп кеткен. Үйдің иесі оны қуып шықпақ болғанда жыртқыш оның өзін талаған.

Сондай-ақ қасқыр сырттағы 2 итті де талап кеткен.

«Содан кейін Быково ауылының тұрғындары жиналып, қасқырды іздеп тауып, оның көзін жойды», - делінген хабарламада.

Жыртқыш жалғыз жүрмеуі мүмкін деген қауіпке байланысты 29 сәуірде төменгі Быково ауылындағы 10 бала қашықтан оқыған. Ал жергілікті атқарушы органдар, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет шұғыл әрекетке кірісті.

«Қасқырдан және зардап шеккен тұрғыннан талдау алынып, сараптамаға жіберілді. Бүгінде ауылдағы жағдай тұрақты, балалар штаттық режимде оқып жатыр», - делінген хабарламада.