Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Qaz365.kz редакциясы

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: istockphoto.com

Павлодарда суицид жасаған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар колледждерінің бірінің жатақханасынан студенттің денесі табылды. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы бойынша «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полицияда.