Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Qaz365.kz редакциясы

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Фото: әлеуметтік желіден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, 2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасының 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді Айбар Қосанов жойған еді. Ол конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі болып жұмыс істейді.