ШҚО-да ауыл тұрғындары алтын өндіруге наразылық білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Олар зауыт аумағына басып кірді

Фото: freepik

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында бір топ адам алтын өндіретін фабриканың құрылысына қарсылық білдіріп, рұқсат етілмеген жиынға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

100-ге жуық адам фабриканың құрылысын тоқтатуды талап етті. Кейінірек олар зауыт аумағына басып кірді. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, олардың қызметкерлері зардап шегіп, материалдық шығын да болған.

Оқиға орнына полиция мен СОБР қызметкерлері келді. Қауіпсіздік күштері жиналғандарды тәртіпке шақырып, заңнаманы түсіндірді, бірақ шабуылдаушыларға қарсы күш қолданбаған.

Аталған факті бойынша ШҚО ІІД қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері Маралды ауылының аумағында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2022 жылы алтын қоры анықталғаннан кейін алтын өндіру фабрикасын салу жобасы қолға алынды. Жобаны тиісті министрліктер мақұлдады, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға қауіпсіздігі бойынша барлық қажетті қорытындылар алынды.