Талғар трагедиясы. ІІМ министрінің бірінші орынбасары оқиға орнына барды

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады

Видеокадр

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Талғар қаласы маңындағы Азат ауылында өртенген Қаржаубай Нұрымов өртенген үйге барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

— Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, - деді Бауыржан Аленов.

Бүгін түнде Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті. Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерхат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады.

Қаржаубай Нұрымовтың өзі қазақ еліне үндеу жасап, қантөгіс болғанын қаламайтынын жеткізді.