×

«Қантөгіс болғанын қаламаймын». Марқұм Шерзат Болаттың әкесі тағы да үндеу жасады

Барлығы заң аясында шешілуі тиіс

«Қантөгіс болғанын қаламаймын». Марқұм Шерзат Болаттың әкесі тағы да үндеу жасады
Видеодан кадр

Талғар қаласы маңындағы Азат ауылында өртке оранған марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақ еліне үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті қазақ елі ешқандай қантөгіс болмасын. Қантөгіс болмағанын қалаймын. Түннен бері құзырлы органдардың бәрі жүр. Қылмыскерлер заң алдында жауап береді деп ойлаймын. Мен ешкімнен қорықпаймын. Кім келсе де, жауап бере аламын. Тыныш жатқан елді шулатып, қырық пышақ болмаса екен деймін. Жоғарыдағы кісілерге айтарым осы. Барлығы заң аясында шешілуі тиіс. Қай кезде де «Әділетті Қазақстан» болатына сенемін. Бір қазақ бір қазақты атып жатса, дұрыс емес», - дейді Қаржаубай Нұрымов.

Айта кетейік, бұған дейін әлдекімдер марқұм Шерзат Болаттың Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылындағы үйін өртеп жіберген.

Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Шерзат Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды.

Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады.

Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →