×

Қазақстандықтар темекіні аз шегетін болған

Темекі тұтынатын ер адамдардың үлесі 34 пайызды құраған. 

Қазақстандықтар темекіні аз шегетін болған
Pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы арасында темекі өнімдерін тұтынуға байланысты сауалнама жүргізді. Зерттеу еліміздің барлық облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сауалнамаға 15 жастан асқан, 12 мың үй шаруашылығынан бір-бір мүшеден қатысқан.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, қазіргі таңда темекі шегетіндердің үлесі халықтың жалпы санының 17,5 пайызын құрайды. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,7 пайыз деңгейінде болған, - делінген хабарламада.

Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі – 19,1 пайыз, ал қалалық жерлерде – 16,7 пайыз. Темекі тұтынушылардың 93,8 пайызы өнеркәсіптік жолмен өндірілген темекі өнімдерін (сигарет) шегеді.

Темекі тұтынатын ер адамдардың үлесі – 34 пайыз, ал әйелдер арасында – 5 пайыз.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап темекі өнімдеріне (фильтрі бар, фильтрі жоқ сигареттер, папиростар, сигариллалар және қыздырылатын темекі өнімдері) ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрық күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді қазақстандықтарға үйді босату керек екені 10 күн бұрын ескертіледі
Бүгін, 13:06

Енді қазақстандықтарға үйді босату керек екені 10 күн бұрын ескертіледі

Бұл басқа баспана іздеуге немесе көшуге дайындалуға мүмкіндік береді
Сән апталығында жүрген Әсел Исабаева елдің назарын аударды
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» аясында 12 мың ағаш отырғызылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →