×

«Ресми органдар дым істеп жатқан жоқ». Шерзаттың туыстары үйдің өртенуін күдіктілер жақтан көреді

Соңғы үш күнде «көліктер жүр» дегенді естідік

«Ресми органдар дым істеп жатқан жоқ». Шерзаттың туыстары үйдің өртенуін күдіктілер жақтан көреді
ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz Талғар қаласы маңындағы Азат ауылында өртке оранған марқұм Шерзат Болаттың үйіне барды. Оқиға орнында не болып жатқанын көзбен көріп, Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизатпен тілдесті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

ҮЙДЕ ЕШКІМ БОЛМАҒАН

Марқұмның туған-туыстарының айтуынша, өрт шамамен түнгі 00.30 уақытында шыққан. Үйде ешкім болмаған. Себебі Шерзат ата-әжесінің қолында өскендіктен, бұл жағдай егде кісілерге қатты ауыр тигендіктен, марқұмның туған-туыстары қара шаңырақта болған. Үйдегі мал аман, тек итті күйік шалған.

“Соңғы үш күнде Шерзаттың сыныптастары “көшелеріңізде нөмірі жоқ көліктер жүр” деді. Өрт болмай бір күн бұрын көршілер “сіздің үйлеріңізге нөмірі жоқ көлікпен келгендер кіріп шықты, біз шулап, бәріміз жарықты жақтық, айғайлап едік, тоқтамастан қашып кетті” деп хабар берді. Мектеп балаларының бәрі де бір ауылдан болған соң, кімнің қандай көлікті айдайтынын білеміз деп отыр. Балалар «ішіндегі адамдар да бейтаныс, амандасайық деп қасына барып едік, терезені жауып алып, тоқтамай өтіп кетті” деді. Соңғы үш күнде «көліктер жүр» дегенді естідік. ІІМ-ге барып, келгеннен бері осылай болып жатыр”, – дейді Перизат Нұрымова.

Ол ресми органдар өз жұмысын дұрыс атқармады деп есептейтінін жеткізді.

«Қарастырып жатыр. Соның «арқасы». ІІМ-нің, Талғар, облыс әкімдігінің «қарастырып, күшті жұмыс атқарып жатқандарының арқасында үйден айырылып қалдық. Үйді қойшы, адамдарымыз аман. Бұған дейін күзет қойылған жоқ. Үйге қоймай-ақ қойсын, жоқ дегенде ауылдың басына қойып берсін. Кімнің кіріп шығып жатқанын білсін. Қарапайым халық болып, жолдан өткен көлікті тоқтатып, «кімсің» деп сұрай берсек, есі дұрыс емес деп ойлайды ғой. Ұсталған адамдардың, сол жақтан шыққан адамдардың бәріне көлік қойып беріп қойыпты. Ауылға кіре берісте көлік қойыпты. Сонда біз жанымыз шығып отырғанда, біреудің жанын алуға шамамыз жете ме? Мамамыздың өзі бір құлап, бір есін жиып отыр. Заң өкілдеріне ойлануға болады ғой. Бүгін топырлап бәрі жүр. Жүргеннен не пайда? Бәрі біткен соң! Қалғанымыздың жанымызды алып кеткенін күтеміз бе? Сөйтіп, бір төбе болып, үйіп қояйын деген шығар? Заң өкілдері жұмыс істесе, бұлай болмайды! Біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы заң өкілдері қалай жұмыс істейтінін көрсін! Сол кісінің қол астында басшы болып, жұмысшыларының іс-әрекеті осы», – дейді ол.

Қайғылы оқиғадан кейін Шерзаттың әкесі ауылдың маңына күзет қоюды, ауылға кім келіп, кім кетіп жатқанын бақылауды өтінген. Бірақ полиция қызметкерлері оны ескермеген.

Айта кетейік, бұған дейін әлдекімдер марқұм Шерзат Болаттың Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылындағы үйін өртеп жіберген.

Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Шерзат Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды.

Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады.

Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
45 млн теңгесін жымқырған интернет алаяқтар ұсталды
Бүгін, 09:50

45 млн теңгесін жымқырған интернет алаяқтар ұсталды

Интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ Батыс Қазақстан облысында ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →