Зілзаладан зардап шеккен түркиялықтар киіз үйлерге сыймай жатыр – журналист

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, киіз үйлер апат орнында ауадай қажет

Фото: Әмірболат Құсайын

Зілзаладан зардап шеккен түркиялықтар Қазақстаннан жіберілген киіз үйлерге таласып жатыр. Бұл туралы оқиға орнында жүрген журналист Әмірболат Құсайынұлы өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Оның айтуынша, киіз үйлер апат орнында ауадай қажет.

"Қазақ үй керек жоқ" деп жар салғыштарға! Баспанасыз ел киіз үйлерге таласып, жергілікті әкімдік сыйдыра алмай жатыр. Екі өгіз сойып, екі мың адамға ас таратып жатырмыз. Ас-су дайындасып, үй тігісуге бірнеше күннен бері көмектесіп жүрген түркиядағы қазақтарға рақмет”, – деді журналист Әмірболат Құсайынұлы. 

Qaz365.kz редакциясы бұған дейін дәл қазіргі уақытта Түркияның жер сілкінген аймағында жүрген қазақстандық журналист Әмірболат Құсайынұлымен тілдескен болатын.