Бұрынғы империямыздан айырылып, Орталық Азияның бір түкпірінде қалып барамыз

Qaz365.kz редакциясы

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров осылай деп мәлімдеді

Коллаж: Qaz365.kz

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елдің барлық бұрынғы басшыларының басын қосып, жабық жиын өткізген болатын. Жиыннан соң жасаған үндеуінде ол осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, ұлы империялар құрып, Еуразия кеңістігін алып жатқан ежелгі қырғыз халқының дамуын кешеуілдетіп отырған – бытыраңқылық пен билік үшін күрес.

“Біз бытыраңқылық пен билік үшін күрестің кесірінен бұрынғы империямыздан айырылып, Орталық Азияның бір түкпірінде қалып бара жатқан сияқтымыз. Иә, тәуелсіз ел деп жарияласақ та дамуымызды не кешеуілдетіп отыр? Ондай уәждерге жол берсек, бірінен соң бірі сұрақ туындайтын сияқты... Қазір бізде солтүстік-оңтүстік жүйе болып, жеті губерния бөлек бөлініп, әрқайсысы өз қазанында күл тартқаны аздай, әркім бір президенттің жақтаушысы болып, ал қалған қырғыз халқы жетіге бөлінеді, өкінішке қарай. Дегенмен, бәріміз үшін қасиетті саналатын Қырғызстанның мәңгілік болашағын ойласақ, «Акаевшы», «Бакиевші», «Атамбаевшы», «Отунбаевчи», «Жээнбековчу», «Доконцачи» және тағы басқа «чилар» дегенді жою керек» және барлығын біріктіру (басшыларды біріктірмей қолдаушылар біріге алмайды) қырғыз халқының болашағын ойлаған дұрыс!” – деді Садыр Жапаров.