Байқонырда ресейлік полицей соққыға жығылған

Qaz365.kz редакциясы

Кешен прокуратурасында қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды

фото: ашық дереккөзден

Ресейлік полицейді ұрып-соғу туралы іс Байқоңырда тергелуде, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі "Байқоңыр" кешені прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кешен прокуратурасы 35 жастағы жергілікті тұрғынның Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 318-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасау (Билік өкіліне өзінің лауазымдық міндеттерін атқару барысында күш қолдану) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды заңды деп таныды", - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, 16 ақпанда Байқоңыр қаласының № 3 бақылау-өткізу пунктінде күдікті полицейлердің ұсақ бұзақылықтың жолын кесу әрекеттері үшін кек алу мақсатында полиция қызметкерлерінің біріне қол көтерген.

Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны айтылған. Кешен прокуратурасында қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды.