Хаменова: Халықтың сот төрелігіне сенбеуі дұрыс екен

Qaz365.kz редакциясы

Бақытгүл Хаменованың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы өтті

Facebook / Бакытгуль Хаменова

Атырау қаласында сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айыпталған, облыс әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменованың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Құрметті Сот!
Халықтың сот төрелігіне сенбеуі дұрыс екен. Бұған менің көзім анық жетті. Өйткені менің ісіме қатысқан жедел уәкілдер, тергеушілер, прокурорлар заңның мүдделеріне сатқындық жасап, маған қатысты жалған айыптауды қолдап шықты. Ал бірінші инстанциядағы сот шешімі бұл саланың іріп-шіріген жүйе екенін анық дәлелдеп берді.
Шындығына келсек, антикор қызметкерлерінің қолында бұған дейін А.А. Рысқалиев пен У.О. Адамовтың берген жалған айғақтарынан басқа, мені қылмыс жасады деп айыптауға еш дәлелдері жоқ. Дейтұрғанмен дәлелдемелерді бұрмалау арқылы антикор өзінің заңсыз әрекеттерімен мені бір жыл бойы отбасымнан, балаларымнан айырып, тағдырымызды тас-талқан етті. 
Біреулердің жолына кесе-көлденең тұрғаным үшін, мені мемлекеттік жүйеден алып тастау мақсатында ойластырылған жоспарлы іс деп есептеймін”
, - деді сот отырысында сөз алған Б.Хаменова.