Қазақстан Германияға алғашқы мұнай партиясын ақпанның соңына дейін жөнелтеді

Qaz365.kz редакциясы

Мұнайды қаңтар айында жөнелту жоспарланған болатын

inbusiness.kz

Жақын арада қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Германияға жөнелтіледі. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

20 мың тонна мұнай "Дружба" құбыры арқылы жөнелтіледі.

"Кеше процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Бүгін басталатынына қатты үміттенемін. Бұл енді компанияның, жүк жөнелтушілердің ішкі келісімшарттық стратегиясы ғой. Бәрі аяқталғандықтан, бүгін мұнай жөнелту басталады деп ойлаймын", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.

Қазақстан мұнайдың алғашқы партиясын Германияға қаңтар айының басында жөнелтуді жоспарлаған болатын. Кейін бұл жұмыс ақпанның бірінші жартысына шегерілді.