“Ботқа фрутоняня, сүт с бананом және яблоком бірі сұлы, ұн...“: Жапсырмалардағы жарнама бір ай ішінде түзетілетін болды

Qaz365.kz редакциясы

Жуырда Өскемендегі "INMART" дүкені сөрелеріндегі жазулар қатеге тұнып тұрғандығы туралы мәселе қозғаған еді

фото: qaz365.kz

Жуырда qaz365.kz редакциясы Өскемендегі "INMART" дүкені сөрелеріндегі жазулар қатеге тұнып тұрғандығы туралы мәселе қозғаған еді.

Айтылған сынды ескерген Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары «INMART » сауда нысанының басшысы мен қызметкерлеріне деректемелер мен көрнекі ақпараттарды, тауарлық жапсырмаларды орналастыру барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», тұтынушыларға қызмет көрсету барысында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңдарының талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасаған.

Осы орайда Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшылығы «INMART» сауда нысаны Өскемен қаласы желілерінің басшысына тауарлық жапсырмалардың, деректемелер мен көрнекі ақпараттардың барлық мәтiндеріндегі орфографиялық қателіктерін жоюға 1 ай уақыт беріліп, бөлім мамандарының қатаң бақылауына алынғандығын хабарлады. 

Бір айдан соң тілшіміз аталған дүкенге қайта барып, қателіктердің түзелгендігіне көз жеткізетінін де ескерте кеткеніміз жөн.